Павлодар мен Ақсу электр желілеріне қызмет көрсету қымбаттайды

Павлодар мен Ақсу электр желілеріне қызмет көрсету қымбаттайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа тариф 1 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ көктемнің басынан бері екі қаладағы электр желілеріне қызмет көрсету бағасын 61 теңгеге көтереді. Енді осы қызмет үшін бір пәтер 590 теңге төлейтін болады.

– Бұл еңбек шығындарының, көлік қызметтерінің қымбаттауына және өндірістік жұмыстарға арналған материалдар бағасының өсуіне байланысты, – деп түсіндірді «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ-да.

Тұрғын үй кооперативі, меншік иелері серіктестігі және жай серіктестіктің өкілдері тұрғындарға жаңа баға туралы хабарлауда.

«Павлодар электржелістік тарату компаниясы» басшылығының айтуынша, компания бүкіл Павлодар қаласына жауапты.

– Компания тапсырыс бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар көпқабатты үйлерге жоспарлы тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Біз 1148 көпқабатты үйге қызмет көрсетеміз, бұл павлодарлық көпқабатты үйлердің шамамен 70 пайызын құрайды, – деп қосты спикер. – Бізде қажетті жөндеу құралдары, көлік, соның ішінде арнайы автокөлік мұнарасы, жеке электр зертханасы және т.б. бар.

Қызметкерлер осы жұмыс түріне аттестациядан өткендіктен, кәсіпорынның тиісті мемлекеттік лицензиясы бар.

Айат кетерлігі, «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ келісімшарт негізінде ғана қызмет көрсететінін.