Павлодар облысы темір жол көлігімен жүк пен багаж тасымалдау бойынша көш бастады

Павлодар облысы темір жол көлігімен жүк пен багаж тасымалдау бойынша көш бастады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024 жылы қаңтар айында елімізде темір жол көлігімен 31,8 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға аз. Жүк айналымы 25,3 миллиард ткм құрады, 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 6,5%-ға аз.

– Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында, ең төмен көрсеткіштер Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалды, – де жазылған хабарламада. 

Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша теміржол көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 10,7%-ға өсті. Оның ішінде қала маңындағы пойызда жол жүру 11,5%-ға, республикаішілік қатынастағы пойыздың купе вагонында жол жүру 8,8%-ға, республикаішілік қатынастағы пойыздың плацкарт вагонында жол жүру 11,8%-ға қымбаттады.