Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі кеңейеді
Тауарлардың бағаларын бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2026 жылғы 6 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңартылған тізбесін бекіткен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығы күшіне енеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – бағалары мемлекеттік реттеуге және мониторингке жататын бірінші қажеттіліктегі өнімдер.
Бекітілген тізбеге мынадай тауарлар кіреді:
1. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны
2. Бірінші сұрыпты бидай ұны
3. Макарон өнімдері
4. Тазартылған күріш (дөңгелек түйірлі)
5. Қарақұмық жармасы
6. Картоп
7. Сәбіз
8. Пияз
9. Ақ қырыққабат
10. Қызанақ («черри», «виноградные» сорттарынан басқа
11. Қияр («корнишоны» сортынан басқа)
12. Алма
13. Ақ қант, түйіршіктелген қант
14. Күнбағыс майы
15. Сүйектері бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз
19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
20. Жаңа піскен, салқындатылған, мұздатылған балық (ақтабан, мөңке балығы, көксерке, тұқы, сазан)
21. Тауық еті (жамбас, сирақ)
22. Тауық
23. Сүт пастерленген, ультра пастерленген, стерильденген 2,2% - дан 6% - ға дейін майлылығы
24. Айран 2-3%
25. Қаймақ
26. Сүзбе 5-9%
27. Ірімшік қатты, жартылай қатты 40-50%
28. Сары май (тұздалмаған, қоспасыз мен өсімдік майларынсыз 72,5% - дан 80% - ға дейін)
29. Тауық жұмыртқасы (1 санат)
30. Қара шай (қаптамадан басқа дәмсіз)
31. Ас тұзы («Экстра» қоспағанда)