Павлодар облысында алаяқтарды сотқа берген әйелдің талабы орындалды

Павлодар облысында алаяқтарды сотқа берген әйелдің талабы орындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаулы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өткен жылдың маусым және шілде айларында әйел, екі жауапкердің «Банк Центр Кредит» АҚ-ғы банктік шоттарына 3,7 және 5,4 миллион теңге көлемінде ақша аударған.

Талап қоюшы, өздерін «Kaspi Profit» инвестициялық платформасының қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар алаяқтық әрекеттерді, оның ішінде алдау және сенімге қиянат жасаумен уәждеумен, негізсіз баюдың сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Аталмыш тұлғалар ақшалай қаражатты салып «инвестициядан» табыс табасың деген желеумен оны банктік қосымшалар арқылы ақша аударымдарын жасауға нұсқау беріп, адастырған.

Алаяқтардың нұсқауымен ол жауапкерлердің банк шоттарына ақша аударымдарын жасаған. Сот шешімімен талап қою толық көлемде қанағаттандырылды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен жауапкерлерден негізсіз баю сомасы, мемлекеттік бажды және өкілдік қызметтерді төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.

Сот шешімімен келіспеген жауапкер апелляциялық шағым түсіріп, талап қоюшы дропперлікпен айналысқанын, өз атынан инвестициялық платформа ашып, оның талдаушысына (брокеріне) рұқсат бергенін алға тартып, сот шешімінің күшін жоюды сұрады.

Ол тек жауапкерге ғана емес, басқа адамдарға да ақша жіберіп, оларды алдаған. Сотқа тараптардың арасында шарттық міндеттемелер бар екені туралы дәлелдемелер ұсынған жоқ.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделей келе, бірінші сатыдағы соттың тұжырымдары дұрыс деген қорытындыға келді.

ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға негiзсiз иеленiп алынған мүлiктi қайтаруға мiндеттi.

Апелляциялық уәждер дәлелдемемен расталмағандықтан, негізсіз деп танылды.

Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды