Павлодар облысында осы аптада күн қатты ысиды

Синоптиктер ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 21 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +25...+30°С көрсетеді.
22 және 23 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, күндіз +21...+26°С.
24 шілде күні де күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +19...+24°С.
Жұма күні сынап бағанасы түнде 13...+18°С, ал күндіз +28...+33°С ыстықты көрсетеді.
Сенбіде облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +32...+37°С қатты ыстық болады.
Жексенбіде өңірдің оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +20...+25°С, ал күндіз +28...+33°С ыстықты көрсетеді.