Павлодар облысында ауыл шаруашылығы санағының мерзімі ұзартылды

Онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады.
Облыста санақ Ақсу қаласында, Баянауыл ауданының Бірлік ауылы мен Ертіс ауданының Қарақұдық ауылында өтеді.
Еске сала кетейік, онлайн-санақ кезеңі 1 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болған. Интервьюерлердің үй шаруашылықтарын аралайтын екінші кезең 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін болады.
Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.