Павлодар облысында ауыл тұрғындары қандай ауруға жиі шағымданады?
Алты ай ішінде облыста көшпелі медициналық кешенде14 мың адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу ісі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің басшысы Ләйла Рахимова мәлім етті.
– Көшпелі медициналық кешеннің бес қабылдау кабинеті бар - рентген және флюорография, терапевт дәрігердің қабылдау, УДЗ, зертхана, гинекологиялық кабинеттер. Облыстық клиникалық ауруханасының көшпелі медициналық кешені Май , Железин, Тереңкөл аудандарында болды. Барлығы 5235 адам қаралды, оның ішінде 5235 профилактакалық тексеру жүргізілді, – деді спикер.
Биыл көшпелі медициналық кешеннің қызметімен 33,6 мың адам қамтылады деп жоспарланған.
– Науқастар көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруларына шағымданады, - деп атап өтті Ләйла Рахимова.– Барлық алынған мәліметтер тіркелген жері бойынша емханаларға жіберіледі. Учаскелерде пациенттерді қарап, есепке алынады.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда көшпелі медициналық кешендердің қызметімен шалғай ауылдар тұрғындарының 100 мыңнан астам тұрғыны қамтылды. 72 мыңнан астам диагностикалық және зертханалық зерттеу жүргізілді. Кардиолог, хирург, онколог, гинеколог сияқты салалық мамандар 82 мың кеңес өткізді.
Фото: Константин Шелков