Павлодар облысында бірнеше ауыл әкімінің сайлауы өтеді

Павлодар облысында бірнеше ауыл әкімінің сайлауы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үміткерлерді тіркеу аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ауыл әкімдерінің сайлауы 24 тамызда өтеді. Лауазымдарға 15 адам үміткер, оның 36,4 пайызы  – әйелдер. 13 кандидат – жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде екеуі – ауыл әкімдері, бір бюджеттік саланың қызметкері және біреуі уақытша жұмыс істемейді.

Үміткерлердің орташа жасы – 42, ең жасы – 27-де, ең үлкені – 56 жаста.

Үш адам Жетекші әкімінің лауазымына үміткер болып отыр. Олардың ішінде «AMANAT» партиясы ұсынған ауыл әкімшілігінің қазіргі басшысы 40 жастағы Нұрлыбек Әбдірахманов. Ал қалған екеуі өзін-өзі ұсынған – облыс орталығы әкімі аппаратының 46 жастағы бас инспекторы Ренат Құланбаев және Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Марат Қожахметов.

Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің орнына бірнеше үміткер бар. Олардың екеуі осы ауылдың тұрғындары – 48 жастағы Нұржан Ағынов және 46 жастағы Жанар Асайынова. Үшінші кандидат – көрші Қазы ауылының тумасы Меруерт Қасымова.

«AMANAT» партиясы Железин ауданы Ертіс ауылдық округінің әкімі лауазымына 56 жастағы Серік Нұрмақановты ұсынды. Бұдан бөлек екі үміткер –36 жастағы Қуаныш Байғыреев пен 39 жастағы Амангелді Болатов тіркелді.

Әкімшілік басшысын Ертіс ауданы Голубовка ауылының тұрғындары үш үміткерден – 50 жастағы Светлана Каменчук, 51 жастағы Анар Қоңырбаева және 41 жастағы Дмитрий Савиныхтан таңдау керек. Соңғысын «AMANAT» партиясы ұсынды. Павлодар ауданы Ольгинка ауылында 35 жастағы Дәурен Ермек, 51 жастағы Ермек Татенов және 27 жастағы Айдархан Қабылбеков әкім болып жұмыс істеуге дайын. Соңғы екеуі өзін-өзі ұсынған.