Павлодар облысында басқа жол бағыттары жабылды
Жүргізушілерге сапардан бас тартуға және ресми ақпаратты қадағалау ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ауа райының нашарлауына және көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар 2 автожолда және 7 облыстық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды:
1. «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» (0–263,78 км) Атамекен кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін.
2. «Астана-Шідерті-Павлодар-Успен- РФ шекарасы» (200-254 км) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.
3. Ақтоғай – Шолақсор (0–164 км)
4. Ертіс – Ертіс станциясы (0–67,1 км), Ертіс – Пятирыжск (0–6,2 км), Панфилов – Бестөбе (0–75,1 км)
5. Тереңкөл – Михайловка (0–108 км) 6. Ивановка – Трофимовка (0–95 км) 7. Жаңа жұлдыз – Петропавловка (0–35 км)