Ертіс ауданында жол бойында жабайы қабан көзге түсті

Ертіс өзенінің жайылмасында қабандардың саны жеткілікті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Сәуле Мұхансалықова облыс аумағында жабайы тұяқты жануарларға жататын қабандар Шарбақты, Аққулы, Железин, Ертіс, Ақсу аудандарының аңшылық шаруашылықтарының аумағында мекендейтінін айтады.
– Сондай-ақ қабандардың көші-қон жолдары «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының және Баянауыл ұлттық табиғи саябағының ерекше қорғалатын аумағы арқылы өтеді. Ертіс өзенінің жайылмасында қабандардың саны көп. 2007 жылға дейін қабанның саны өте төмен болды. Сол жылы аңшылық шаруашылығының аумағында Аққулы аңшылығын пайдаланушы қабандарды жасанды өсірумен айналысты. Нәтижесінде аталған жануарлардың саны артып, оларды резерваттың орман алқабына жіберді, – деді бас маман.
Есепке алу іс-шараларының нәтижелері бойынша облыс аумағында мекендейтін қабандардың саны – 56. Бүгінде жануарлардың саны артып келеді – соңғы бес жылда 19 пайызға өскен.
Жабайы қабандардың саны тым көп болып кетсе, ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтіруі мүмкін. Бірақ Павлодар облысының аумағында мұндай жағдайлар соңғы 10 жылда тіркелмеген. Қабандар көптеген жануарлар сияқты жолдармен жүруді ұнатады. Ертіс ауданында жол бойында жабайы қабанның көзге түсуі де осыдан болса керек.
– Жабайы қабандарды мүлдем зиянды және жойылып кетуі мүмкін жануарлар деп санауға болмайды және оның азаюынан біздің аймаққа зияны шамалы. Қабан – жақсы олжа жануары және оның еті диеталық, зиянды емес болып саналады, – дейді Сәуле Мұхансалықова.
Қабандар наурыздан маусымға дейін көбейеді. Торайлардың негізгі бөлігі сәуір айында туады. Олардың саны 5-12 торайды құрайды.
Павлодар облысында қабан аулауға рұқсат етіледі. 2024 жылы біздің облыста қабанды ату лимиті 12-ні, ал 2025 жылы 22-ні құрайды.
Айта кетейік, қабандардың көздері нашар көреді. Бірақ, бұл еркінсуге еш себеп емес. Көзі әлсіз жаратылғанымен иіс сезу қабілеті өте жоғары. Ол бөгде иісті шамамен 400 қадамдай жерден сезіп қояды. Адамға жараланған немесе еркек қабандар ғана қауіп төндірмейді. Соңынан торай ерткен мегежіндер кейде шабуылды бірінші бастауы да мүмкін екен. Олардың тұмсық асты мүйізі қысқа болғанымен тұяқтары өте өткір.
Посмотреть эту публикацию в Instagram