Павлодар облысында күн +15 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Аймақтағы ауа райына қатысты болжаммен синоптиктер бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, жел басым бағытта шығыстан соғады. 21-22 қазан күндері түнде -2…-7, күндіз +3…+8 градус жылы болады. Облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
23 қазан түнінде ауа температурасы 0…-5, ал күндіз -3…-8 градус шамасында болады. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9-14 м/с.
24 қазан күні ауа райы жылынып, күндіз +7…+12 градусқа дейін көтеріледі.
Республика күні, яғни 25 қазанда, облыстың басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10…+15 градус, ал солтүстікте +7 градус шамасында күтіледі. Жел оңтүстіктен, жылдамдығы 9-14 м/с.
Апта соңында да ауа температурасы оң шамада сақталады: түнде +2…+7, күндіз +7…+12 градус жылы болады. Жел батыстан, 9-14 м/с.