Павлодар облысында малдың мәйітерін өрттеу жоспарлануда

Павлодар облысында малдың мәйітерін өрттеу жоспарлануда
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Бір мәйітті жоюға үш мың теңге қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен өткен аппарат отырысында ветеринария басқармасының жаңа басшысы Асылтас Тілеубаев биологиялық қалдықтар мен мал мәйіттерін кәдеге жаратудың жаңа әдісін ұсынды.

Ветеринария басқармасының сарапшылары көмірмен жағатын крематорды сатып алу мүмкіндігін зерттеді. Бұл әдіс Ресейдің Алтай аймағында қолданылады, ал Қазақстандағы алғашқы тәжірибе болмақ. Крематордың құны 15 миллион теңгені құрайды.

– Бес сағаттың ішінде 160 келі көмір жұмсаған кезде салмағы 450 келі ірі қара малдың мәйітін өртейді, ал күлдің қалдығы небәрі 32 келіні құрайды. Облыста жеткізілетін көмірдің бір тоннасының орташа бағасы шамамен 20 мың теңгені құрайтынын ескерсек, бір мәйітті кәдеге жарату үш мың теңгені құрайды. Салыстырсақ, инсинератордың жұмысы үшін 50 литр дизель отыны қажет, ол бір литріне 300 теңге бағасымен кәдеге жарату шығыны 15 мың теңгені құрайды, бұл төрт есе қымбат. Көмірдегі крематорды қолдану біздің аймақ үшін үнемді, – деп түсіндірді бас мал дәрігері.

Басқарма биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратудың осы әдісін облыстың әрбір ауылдық округіне енгізбек. Бірақ өңір басшысы бұл жоспарды бір жылда жүзеге асыруға асықпайды.

– Бізде 126 ауылдық округ бар, 126 крематормен бір жылда қамтамассыз ете алмаймыз, өйткені осы мақсатқа екі миллиардқа жуық ақша керек болады. Кешенді жоспар беріп көріңіз, әр ауданының үш ауылдық округтерінде крематор болсын. Крематорды бір ауданға қойсаң, 45 миллион тенге керек. Дегенмен, он ауданды крематорламен қамтамассыз ету үшін 450 миллион қажет. Осы жоспарды 2028 жылға дейін үш жылға бөліңіздер. Ең алдымен малдың басы көп ауылдарға крематор кою керек – бұл Баянауыл, Май, Ақтоғай, Ертіс аудандары мен Екібастұз ауылдары, – деп тапсырды облыс әкімі.

Асайын Байханов мемлекеттік кірістер департаментіне крематорларды сатып алуға арналған үш жылдық бюджетті қарастыруды тапсырды.