Павлодар облысында мамырдың басында ызғар күтіледі
Қатты жаңбыр жауатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 1 мамырда түнде жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, қарға ұласады. Күндіз де облыстың көп бөлігінде қатты жаңбыр жауады. 1-2 мамыр түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.