Павлодар облысында мың жарымнан аса бұзушылықтың жолы кесілді

Павлодар облысында мың жарымнан аса бұзушылықтың жолы кесілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірде өткен профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері 1556-дан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

– Іс-шара нәтижесінде облыс аумағында 17 қылмыс ашылып, 4 қылмыскер анықталып ұсталды. Мас күйінде көлік басқарған 15 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2-еуі есірткілік масаң күйде болған. Сонымен қатар, 18 азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 136 адам қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін, ал 386 тұлға көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы Берік Истаев.

Мәселен, екі жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін жағдай тудырған. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы Малайсары батыр көшесінде «Лада» маркалы автокөлік, ал Елгин көшесінде «Шевроле» маркалы автокөлік тоқтатылды. Аталған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады