Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Оған ауа райының күрт бұзылуы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның мәлімдеуінше, ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Мәселен, «Қарағанды-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы(Қарағанды облысы шекарасы- Қалқаман ауылы), «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» автожолының 191-390 шақырым аралығы (Мичурин ауылы- РФ шекарасы) жабылды.
Жолды 6 ақпан күні сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертеді.