Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолда кезекшілік ұйымдастырылды
Жолдың осы учаскесі бойынша қозғалыс шектелмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин Іnstagram парақшасында хабарлады.
2024 жылғы 21 наурыз сағат 20.00-дегі жағдай бойынша «Ленинск-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (213 км) жол резерві бойынша еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар орындалды.
– Еріген қар суының деңгейі төмендеді, жол бойын су басу, автомобиль жолы мен жер төсемінің жойылу қаупі жоқ, – деді аудан әкімі.
Учаскеде «Павлодар жолдары» ЖШС мамандарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, бес адам және екі техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, ұзындығы он метрге жуық екі жерде су өткізетін құбыр жоқ. Қазіргі уақытта еріген суды бұру жұмыстары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram