Павлодар облысында заңсыз сақталған қару тәркіленді

Павлодар облысында заңсыз сақталған қару тәркіленді
Фото: Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Құқық қорғау органдары оқиға орнын тексеру барысында кесілген аңшы мылтығын тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, қарудың орналасқан жері туралы ақпаратты сотталған азамат берген. Оның айтуынша, бұрын тауып алған аңшы мылтығының кесілген түрі өзінде сақталған.

Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері бір ұңғылы аңшы мылтығының кесілген түрін тауып, тәркіледі.

– Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның ішінде тәркіленген қарудың техникалық жай-күйі мен атуға жарамдылығын анықтау үшін сараптама тағайындалған.

Полиция азаматтарды заңсыз сақталған қарулар туралы өз еркімен хабарлауға немесе оларды құқық қорғау органдарына тапсыруға шақырды.