Павлодар облысында жазғы кезеңде табиғи жағажайлар ерекше назарға алынады

Павлодар облысында жазғы кезеңде табиғи жағажайлар ерекше назарға алынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция нарядтарын күшейту жоспарлануда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Түлемісованың айтуынша, 2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру облыс аумағында 2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында өткізіледі. 

– Жазғы каникул кезеңінде облыстық полиция департаментіне балалар мен жасөспірімдердің демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту орындарында қоғамдық тәртіпті, мүліктік қауіпсіздікті және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелді. Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция нарядтарын күшейту жоспарлануда, – деді аға инспектор. 

Бұл ретте, білім беру органдарымен бірлесіп, балалардың сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге күзеттің, қоршаулардың және өткізу режимінің болуы тексеріледі. 

– Жазғы кезеңде табиғи жағажайларға ерекше назар аударылады. Мәселен, қалалық жерлерде жергілікті полиция қызметі күштерімен және учаскелік полиция инспекторларымен, оның ішінде ауылдық жерлерде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен бірлесіп, қоғамдық құрылымдардың қатысуымен буклеттер таратылады және түсіндіру жұмыстарымен стихиялық жағажайлар бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, – деді спикер. 

Бұдан бөлек, облыстың білім беру ұйымдарында 138 каркасты-модульді бассейн жұмыс істейді, олардың алтауы 2024 жылы сатып алынған. 13 789 бала жүзуге үйретілген.