Павлодар облысында жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құны арзандайды
Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу қызметінің құнын төмендетпек.
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі,– делінген құжатта.
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:
1 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
3 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.
Облыс орталықтары бойынша:
3 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
5 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.
Ал облыстардың аудандары мен қалаларына:
7 жұмыс күніне дейін – 1 116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін ақыны арзандату көзделген.
Жоба 30 қазанға дейін ашық талқыланатын болады.