Павлодар облысында желге ұшқан шатырдың шығыны есептелді
Дауылдың салдарын жоюға бюджетті ұлғайтуға тура келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жергілікті билік бораннан кейін нысандарды қалпына келтіруге қанша қаражат жұмсайтынын облыстық мәслихаттың сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ирина Назарчук мәлімдеді.
– Төрт ауылдық мәдениет үйінің шатырын жөндеуге 103,2 млн теңге бөлінді. Олар Аққулы ауданы, Қазы ауылында, Май ауданы, Көктөбе ауылында, Успен ауданындағы Вознесенкада және Шарбақты ауданы, Орловка ауылында, - деді Ирина Назарчук.
Оның айтуынша, төтенше жағдай резерві 147 млн теңгеге ұлғайтылды.
Өзгерістерді ескере отырып, облыстық бюджеттің көлемі 436,8 млрд теңгені құрады.
Әсия Серікова