Павлодар облысында жылқы шаруашылығы қарқынды дамуда

Павлодар облысында жылқы шаруашылығы қарқынды дамуда
Фото: Константин Шелков

Өңірде жылқы басы санының ең жоғары үлесі Баянауылда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірлік статистика департаменті ұсынған мәліметтерге сүйенсек, облыста биылғы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық санаттарында көбейді. 

– Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жылқы басы 11,6%-ға, ірі қара мал – 7,1%-ға, шошқа – 20,5%-ға, қой мен ешкі басы 6,4%-ға өсті.  Жылқы басы санының ең жоғары үлес салмағы Баянауыл ауданында 17% тіркелді, – деп хабарлады департаментте. 

Шошқаның едәуір саны Павлодар ауданында – 48% шоғырланған, қой мен ешкі Май ауданында – 16,9%, ал құс саны Павлодар қаласына қарасты ауылдарда – 42,4% басым.

2021 жылмен салыстырғанда барлық ет түрлерінің өндірісі 3,4%-ға көбейді. Сауылған сүт өндірісі 2%-ға өссе, жұмыртқа өндірісі  6,5%-ға азайды. Ал жүн өндірісі 0,7%-ға көбейді.