Павлодар облысында қатты аяз күтілуде

Павлодар облысында қатты аяз күтілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

13 қаңтардан 16 қаңтарға дейін ауа температурасының күрт төмендеуі болжануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 13 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде 18-23 градус аязға дейін төмендейді, 14-15 қаңтарда түнде 30-35, облыстың солтүстігінде 38 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.           

Павлодарда 14-15 қаңтарда түнде 32-34 градус аяз күтіледі.

Барлық ауруханалар мен медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді, шұғыл медициналық көмек тәулік бойы көрсетіледі.

Жүргізушілерге түнгі уақытта және алыс қашықтыққа шығатын жол сапарларынан мүмкіндігінше бас тарту ұсынылады.

Шұғыл көмек қажет болғанда «112», «101», «103», «102» байланыс телефондарына тәулік бойы хабарласуға болады.