Павлодарлық оқушылар демалыс күндері елордаға экскурсияға барады

Павлодарлық оқушылар демалыс күндері елордаға экскурсияға барады
Суретті қалалық білім бөлімі ұсынды

№ 21 мектеп оқушылары елордаға, ал № 17 мектеп оқушылары Алматыға жол тартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, көктемгі демалыс күндері қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдары 45000-нан астам оқушының бос уақытын ұйымдастыру үшін іс-шаралар жоспарлады.

Қала мектептерімен Шамсутдинова атындағы музейге, планетарийге, Ш. Айманов атындағы кинотеатрға, Г. Н. Потанин атындағы өлкетану мұражайына экскурсия жоспарланған. 25000-нан астам оқушылар спорт үйірмелерінде, секцияларда, спорттық іс-шараларда, қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмыстарында бос уақыттарын өткізетін болады.

–  № 21 ЖОМ оқушылары елордаға, ал № 17 ЖОМ оқушылары Алматыға экскурсияға барады, – деді бөлімде.

Сонымен қоса балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Талдықорған қаласындағы «Горизонт - 2025» жабық бөлмелердегі туристік көпсайыстан кубоктың республикалық жарысына қатысады.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарында 3000-нан астам баланың қатысуымен қызықты «Көңілді старттар», қауіпсіздікті сақтау бойынша квест-жарыстар, «Наурыз құпиялары» квесттері өтеді.

–   Балалар көркемсурет мектебі композициялық жұмыстарды орындау, сурет салу, мүсіндеу бойынша шығармашылық күндерге қатысады, – деді бөлімде.

Салауатты тамақтануды насихаттау бойынша «Салауатты мектеп» жобасы аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 9-сынып оқушыларының қатысуымен пайдалы салаттар дайындау бойынша «Аспаздық мектеп» байқауын өткізеді.

Балалар музыка мектебі «Музыкалық пазл» байқауын, «Наурыз - жаңа өмірдің бастауы» челлендждерін өткізуді жоспарлап отыр. Балалар техникалық мектебі «Жас шеберлер галереясы» көрмесімен демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының қамтылуын қорытындылайды.