Павлодар облысының депутаттары балалардың мектепке дайындалуына көмектесті

Павлодар облысының депутаттары балалардың мектепке дайындалуына көмектесті
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

211 оқушыға үш миллион теңге көлемінде жәрдем көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары және Екібастұз қалалық филиалының депутаттық фракциясының мүшелері дәстүрлі түрде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты.

Жалпы, жұмыс депутаттардың сайлау округтерін және көмекке мұқтаж отбасылардың өтініштерін ескере отырып ұйымдастырылды. Барлық тізімдер білім бөлімі басшылығымен, мектептердің әлеуметтік педагогтарымен бірлесе отырып жасалды. Депутаттар «Всеобуч» қоры мен басқа да көздерден көмек алмаған отбасыларға қолдау көрсетті.

Кеңсе тауарлары, киім және аяқ киім тізімін мектептердің әлеуметтік педагогтары ұсынды.

Нәтижесінде №2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 25, 33 мектептерінің, №6 арнайы мектептің, сондай-ақ Солнечный, Шідерті кенттеріндегі жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, депутаттар «Экибастузкоммунсервис» ЖШС-нің 32 мұқтаж отбасына қаржылай көмек көрсетіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта тұрып жатқан балаларды кеңсе тауарларымен және киіммен қамтамасыз етті.

«AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары да бұл шарадан шет қалмады. Акцияны «Богатырь Көмір» БПҰ, «МАЭС-1» БПҰ, «Линейный» БПҰ және басқалары ұйымдастырды.

Акция қорытындысы бойынша депутаттық корпус жалпы сомасы шамамен үш миллиона теңгеге 211 балаға көмек көрсеткен.