Павлодар облысының география мұғалімдері ЖЭО жұмысымен танысты

Павлодар облысының география мұғалімдері ЖЭО жұмысымен танысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Экскурсия «Географияны оқыту процесіндегі экологиялық аспектілер» курсы аясында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлік білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдері энергетиктердің жұмысын жақынырақ білу үшін №3 жылу электр орталығында болды. Экскурсияны педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты – «Өрлеу» ұйымдастырды.

Сапар барысында 25 педагог жылу және электр энергиясын өндіру үдерісімен танысып, станция мамандарымен пікір алмасты, негізгі цехтарды аралады.

Мұғалімдер ерекше назарын кәсіпорынның экологиялық саясатына аударып, қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған шаралар мен тұрақты экологиялық мониторинг жүргізетін жабдықтарды көрді.

– Бұл экскурсияның басты мақсаты – облысымыздағы география пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, болашақта олар оқушыларға тереңірек білім бере алуы үшін. ЖЭО-3 – стратегиялық нысан, ал экологиялық фактор мұнда ең маңызды бағыттардың бірі, – деді топтың жетекшісі, куратор Замзагүл Оразбаева.

Оның айтуынша, топтағы ұстаздар «Географияны оқыту процесіндегі экологиялық аспектілер» атты курсқа қатысып жатыр. Сабақта экологиялық тақырыптарды өткенде балаларға аймақтың стратегиялық нысандарының жұмысын түсіндіру үшін ЖЭО-ға экскурсия ұйымдастыруға өтініш берген.

Қонақтар станция ұжымына жылы қабылдағаны және осындай мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AO "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" (@aopavlodarenergo)