Павлодар облысының орманшылары жануарлардың қысқы қамын алдын ала ойлауда

Жануарларға қысқы азық дайындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» резерватында жабайы жануарлардың қысқы маусымда қорексіз қалмауы үшін азық қоры жүйелі түрде дайындалуда.
Аңшылықтанушылар биылғы қысқа 25 тонна шөп, 6000 дана азықтық сыпырғыштар дайындады. Азықтар жануарлар жиі шоғырланатын, қауіпсіз және қолжетімді аймақтарда орналастырылады.
Қыстың алғашқы айларынан бастап ауа райының қолайсыздығына және қардың қалыңдығына байланысты жабайы жануарлардың өздігінен қоректенуі қиынға соғады.
Мемлекеттік инспекторлардың жазғы кезеңдегі негізгі міндеттерінің бірі – бұтақты жем-шөп дайындау, сондай-ақ арнайы азықтандыру алаңдарында оттықтарды, тұз және жем салатын науаларды жаңарту болып табылады.