Павлодар облысының тас жолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Павлодар облысының тас жолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өткен демалыс күндері облыстық жедел жәрдем станциясы 3087 шақырту қабылдады. Бұл әдеттегі күндерге қарағанда 41 пайызға көп. Үш тәулік ішінде медицина қызметкерлері бірнеше жол-көлік оқиғаларына барды. Мысалы, 14 желтоқсанда Циолковский көшесінде 49 жастағы ер адамды қағып кетті. Ол №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

– 15 желтоқсанда Ақсу мен Атамекен кенті арасындағы тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Жеңіл автомобиль жүк көлігімен соқтығысты. Қоңырауға қызмет көрсетуге екі медициналық топ шыққан болатын. Өкінішке орай, апаттан зардап шеккендердің бірі – 76 жастағы әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал 54 жастағы әйел мен 37 жастағы ер адам сынықтар мен көгерулермен Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді,– деді станцияда.

Тағы бір жол апаты әуежай аймағында орын алды. 70 жастағы ер адам зардап шекті. Ауырлығы орташа дәрежеде деп танылған зейнеткерді Ақсу қалалық ауруханасының жарақат пунктіне жеткізді. 

Ал Лермонтов – Бұқар жырау көшелерінің қиылысындағы соққыдан кейін 11 жасар жаяу жүргінші зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Бұдан бөлек, медициналық бригадалар «Спорт сити» және «Астана» мұз сарайында өткен спорттық жарыстарда кезекшілік етті. 14 желтоқсанда мұз сарайында 18 жастағы жігіт білегінің жабық сынығын алып, облыстық Сұлтанов атындағы ауруханаға жеткізілді, ал 15 желтоқсанда «Спорт ситиде» 14 жасар жасөспірім кеуде қуысының жарақатын алды. Оған алғашқы көмек көрсетілді.