Павлодар облысының үш ауылында әкімдер сайланды
Құндыкөл, Прииртышск, Ивановка ауылдарына жаңа әкімдер сайланды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Железин ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің сайлауына 594 сайлаушы қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «барлығына қарсы» – 71. Көпшілік дауыспен ауыл әкімшілігінің басшысы болып 39 жастағы өзін-өзі ұсынған, AMANAT партиясының мүшесі Руслан Арынғазинов сайланды. Ол аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімсін басқарған.
Баянауыл аудандық сайлау комиссиясының шешімі және аудан әкімінің өкімі бойынша Құндыкөл ауылдық округінің әкімі болып Қуандық Ивашев тағайындалды.
Тереңкөл ауданында тағы бір жаңа әкім тағайындалды. Иваново ауылдық округінің әкімі лауазымына үш кандидат үміткер болған. Ең көп – 427 дауыстың 334-ін AMANAT партиясы ұсынған Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 34 жастағы орынбасары Дәурен Абраев жинады.
Естеріңізге сала кетейік, үміткерлерді ұсыну 6 сәуірде басталды, сайлауға 600-ден астам сайлаушы қатысты.