Павлодар тұрғындары үшін кейбір дәрілер қолжетімдірек бола түсті
Мемлекет дәрі-дәрмектердің бағасын шамамен бес мың атау бойынша реттейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жаңа баға белгілеу механизмі арқасында мемлекеттік реттеуде тұрған танымал препараттардың көбінің құны қайта қаралды.
– Биыл елдің 20 аймағында баға мониторингі жүргізілді. Зерттеуге ең сұранысқа ие 50 дәрі-дәрмек кірді, олардың бес тобы қаралды: вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, антибактериалды, жүрек-қан тамырлары және ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуге арналған дәрілер, – деп хабарлады облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті.
Қазан айында жүргізілген қайта есептеу нәтижесінде бағалардың 50 пайызы төмендеді. Орташа арзандату көрсеткіші 11,1 пайыз болды. Ең көп арзандаған дәрілер қатарына: Гепар композитум Хеель (41,2%), Ревмоксикам (32,5%), Цефяпс (31,6%), Валмак-Н (24,7%), Зитмак (20%) жатады. Мемлекет дәрілердің бағасын шамамен бес мың атау бойынша реттейді, ал шамамен 1,7 мың рецептсіз сатылатын дәрілер нарықтық бағамен сатылады және олар тұрақты мониторингте болады.
Шаһар тұрғындарына дәрі-дәрмектердің мүмкін болатын қымбаттауын DariKz қосымшасы арқылы хабарлау ұсынылады.