Павлодарлық қоғам белсендісі тұрғындарды жанашыр болуға шақырды

Павлодарлық қоғам белсендісі тұрғындарды жанашыр болуға шақырды

Ол қазіргі сәтте зардап шеккендерге қол ұшын созу – ең маңызды қадам екенін атап өтті, @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдары азаматтық одағының төрағасы Алма Қозбаева өңір тұрғындарын су тасқынына қарсы шараларды жүргізуге белсенді болуға шақырады.

– Мен күн сайын үйлеріне лай су кірген адамдарға жанашырлық танытамын. Біз, азаматтық қоғам, өңірдің өміріне белсенді және тұрақты қатысуымыз қажет. Табиғат апаттың келуін күтпеу керек. Алдын ала қаупін жойып, күресу қажет. Материалдық көмек бөлінетініне сенімдімін. Бірақ бастысы - көп шығындардың алдын алу қажет. Адамдар баспанасыз және шаруашылықсыз қалмау керек. Осы жағдайдан кейін сабақ аламыз деп үміттенемін,– деді Алма Қозбаева.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға 205 адам, 67 арнайы машина, 25 мотопомпа және екі жүзу құралдары жұмылдырылған.