Павлодар қаласының әкімі Назарбаев даңғылындағы жұмыстардың барысын тексерді

Павлодар қаласының әкімі Назарбаев даңғылындағы жұмыстардың барысын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Магистральді су құбырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында мәлімдеді.

Мердігер ұйым диаметрі 500 миллиметр құбырларды жуып-шайып, тұтынушыларды жаңартылған жүйеге қайта қосты. Қазір құбырды санациялауға дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл процесс алдағы күндері басталады. Барлық жұмыстарды үш апта ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Одан кейін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселеді, – деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, Хасар Хабылбеков КазПравда көшесінде диаметрі 800–1000 миллиметр болатын кәріз коллекторы қайта жаңартылып жатқан учаскені аралап көрді. Оның айтуынша, негізгі жұмыстар аяқталған, алда асфальт төсеу жұмыстары тұр. Әкім барлық кешенді жұмыстарды ауа райы мүмкіндік беріп тұрған кезде, яғни суық түскенге дейін аяқтауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)