Павлодардағы «Мансап» орталығы жиырмаға жуық адамды жұмыспен қамтыды
Олардың қатарында пробация қызметінің есебінде тұрғандар да бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласындағы «Мансап» орталығының филиалы 2025 жылы жұмыссыз қалған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру мақсатында 18 адамды тұрақты жұмысқа орналастырды.
- «Павлодар-водоканал» ЖШС-не квоталық орындарға 12 адам орналастырылды. Олардың ішінде жөндеу шебері, ағаш ұстасы, машинист, автомеханик мамандары бар. Ал жүк көтергіш операторы, металл кесуші, жөндеу шебері мамандықтары бойынша 4 адам «KSP STEEL» ЖШС компаниясына қызметке қабылданды, - делінген хабарламада.
Тағы екі адам Павлодар қалалық трамвай басқармасына жол монтажшысы және электромонтер болып қабылданды.
Барлығы ресми жұмыспен қамтылу арқылы кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға және қоғамға оңай бейімделуге мүмкіндік алды.