Павлодардағы Солтүстік дерби: «Ертіс» «Қызылжарды» қабылдайды

Павлодардағы Солтүстік дерби: «Ертіс» «Қызылжарды» қабылдайды
Фото: «Ертіс» ФК

Халықаралық үзілістен кейін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы қайта жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

10 қазанда сағат 15:00-де Қазақстан Премьер-лигасының 28-ші турының бағдарламасын принципиалды Солтүстік дерби ашады — павлодарлық «Ертіс» өз алаңында петропавлдық «Қызылжармен» ойнайды.

Солтүстіктіктер қазір элитадан шығып қалудың аз-ақ алдында тұр және тұрақсыз нәтижелер көрсетуде. Дегенмен, инвестор келгеннен кейін клуб айтарлықтай күшейді. Қонақтардың шабуылында Этьен Бугре қауіп төндіреді, оған Йоханнес Бьорталид, Стефан Баокен және Лиридон Латифи көмектеседі, алаң ортасын Евгений Макаренко мен Александр Нойок бақылауда ұстаса, ал қорғанысты Анатолий Козленко, Слободан Урошевич және қақпашы Дмитрий Челядник мықтайды.

20 наурызда өткен бірінші айналымдағы бетпе-бет кездесу өте шиеленісті өтіп, 2:2 есебімен аяқталды — ойын барысында Тамерлан Ағыманов алаңнан қуылса, соңғы минуттарда Мирас Тұрлыбек пенальтиді сәтті орындап, командасын жеңілістен құтқарған еді.

Қазір «Ертістің» қарқыны жақсы: павлодарлықтар соңғы бес турда тоғыз ұпай жинап, қарсыласынан үш саты жоғары тұр. Алда алаң иелерін «Астана», «Қайрат» және «Ордабасыға» қарсы өте ауыр матчтар күтіп тұрғанын ескерсек, ұпайды дәл осы жерде және қазір жинау қажет.

Бас төреші болып Астанадан келген Павлодардан шыққан Айдын Тасыбаев тағайындалды. Билеттер бағасы «Яндекс Афишада» 1000 теңге тұрады, ал абонемент иелері, 14 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер құжат көрсеткен жағдайда стадионға тегін кіре алады.