Павлодардағы «Зеленая роща» шаңғы базасына жаңа спорттық жабдықтар сатып алынды
Заманауи құрал-жабдықтар шаңғышылар мен биатлоншыларға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жаңашылдықтардың қатарында классикалық және конькимен сырғанауға арналған шаңғы мен таяқтар, шаңғыға арналған аяқ киімдер, арнайы бекітпелер, сондай-ақ жазғы дайындыққа арналған шаңғы аяқ киімі мен таяқтарға сәйкес келетін шаңғы роликтерінің жиынтықтары, соның ішінде классикалық және конькимен сырғанау модельдері бар.
– Жаңа жабдықтарды кәсіпқой спортшылар жоғары бағалап үлгерді. Биатлоннан Қазақстанның спорт шебері Вячеслав Морозов «Fischer» брендінің жаңа шаңғылары соңғы буын үлгілері екенін және 2025-2026 маусымы үшін «топ» болып табылатынын атап өтті. Бұл жабдық тек биатлоннан ұлттық құрама мүшелеріне ғана қолжетімді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Зеленая роща» базасының аумағында биатлоншыларға арналған атыс алаңының құрылысы аяқталып қалғанын атап өткен маңызды, – деді басқармада.
ҚР спорт шебері және №2 БЖСМ шаңғы жарысы бөлімшесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушысы Екатерина Ланглиц «Fischer» фирмасының шаңғыға арналған жаңа аяқ киімдерінің артықшылықтарын атап өтті. Олардың негізгі артықшылықтары – жарыс жағдайында пайдалану кезінде максималды жайлылық пен жарамдылық береді.
Қазір шаңғы жарысы бойынша спорт мектебінің тәрбиеленушілері қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.
№2 БЖСМ шаңғы жарысы және биатлон бойынша бастапқы даярлық топтарына балаларды тоғыз жастан бастап қабылдайтыны айрықша назарға аларлық жайт. Сабақтар тегін және тұрақты негізде ұйымдастырылады.