Павлодарда Қазақстанның бес қаласынан келген жасөспірімдер доп қуып жүр
«Спорт сити» спорт кешенінің аренасында футболдан ашық қалалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарысты «Ертіс» ОРБЖСМ 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырды. Турнирге Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Астана және Түркістан қалаларынан он команда жиналды, олардың үшеуі «Ертіс» спорт мектебінің атынан шықты. Командалар бес командадан екі топқа бөлінді.
Матчтар 11 және 11 форматында ойнатылуда, тайм ұзақтығы 30 минут. Бірінші айналымда «Ертістің» негізгі командасы Екібастұз қаласының №1 жасөспірімдер спорт мектебін 4:0 есебімен ұтты. Екінші матч павлодарлықтар үшін әлдеқайда қиынға соқты: олар түркістандық СОДЮФС командасын 1:0 есебімен жеңді.
«В» тобындағы жасыл алаңдағы тартыстар да қызықты өтуде. Турнирге «Ақсу» футбол орталығының командасы да қатысуда. Фавориттер сенімді өнер көрсетуде. Екі кездесуде ақсулықтар жалпы 11:1 есебімен жеңіске жетті.
Топтардың жеңімпаздары мен екінші орын алған командалары жартылай финалға жолдама алады, олар финалға апарар жолдамалар үшін таласады. Турнир жеңімпаздары медальдар, мақтау қағаздары және естелік сыйлықтарға ие болады.