Павлодарда 10 маусым күні қай жерлерде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жүргізіледі?
Жұмыстың барлығы тапсырыс беруші мен ғылыми сүйемелдеу мамандарының тікелей қатысуымен жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, ғылыми топтың ұсынысы бойынша 10 маусым күні келесі жұмыстар жоспарлануда:
- сағат 10.00-нан бастап Павлодар және Ақсу қалаларында, және жағалау бойындағы аудандарда фенологиялық бақылау жүргізу.
- сағат 23:00-ден бастап жағалау аумағында, темір жол көпірінен Усолка шаңғы базасын және автомобиль көпірінің артындағы бөгетті қамти отырып, сары масаның ұшу формасына қарсы өңдеу жоспарлануда.
Ғылыми сүйемелдеу бойынша облыстық мердігерлік ұйым –«ТЕК.А.ТЕК.KZ» ЖШС.
«QSM Engineering» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы өңдеу жұмыстарын орындайды.