Павлодарда адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, қылмыстық іс Golden Dragon маркалы автобустың жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша қозғалды. Оқиға академик Сәтбаев көшесінде болған. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жолдың жүру бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтпек болған.

Оқиғадан кейін автобус мамандандырылған айып тұрағына қойылды.