Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ер адам өз міндетін орындайды

Ол соттың шешімін елемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ер адам жұбайымен ажырасқаннан кейін бала тәрбиесіне қатысуды тоқтатты және балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеді.
– Өз балаларына алимент бойынша қарыз сомасы шамамен 6 млн. теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адамды ұстады және юрисдикцияға сәйкес соттың қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Айта кетейік, осы жылы облыс полицейлері 200-ге жуық алимент төлемейтін адамды анықтады. Тәртіп сақшылары еске салады: алимент төлеуден жалтару тек материалдық салдарға ғана емес, сонымен бірге қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін