Павлодарда антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде

Павлодарда антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында аумақта автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабының мәліметінше,  жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу «Тұлпар» сауда үйі ауданында бүгін сағат 11:00-де басталып, 16:00-ге дейін жалғасады. Оқу-жаттығу террористік актілердің алдын алу және олардың салдарын жою бойынша әрекеттерді пысықтауға бағытталған.

Жедел штаб азаматтарды енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды нұсқауларын орындауға шақырады.

Сондай-ақ тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу сұралады.