Павлодарда ауыл балаларына арналған ауқымды жоба басталды

Павлодарда ауыл балаларына арналған ауқымды жоба басталды
Фото: автор

«AUYL SPORT» республикалық жобасы 12 мың ауыл баласын біріктірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ашылу салтанаты «Автомобилист» спорт кешенінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова қатысушыларға жеңіс тіледі. Оның айтуынша, өңірде 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда, спортпен 24 мың бала айналысады, оның ішінде он мың бала ауылда спортты серік еткен.

Halyk Bank облыстық филиалының директоры Ернар Айтжанов Олимпиада жүлдегерлерінің көбі ауылдан шыққанын атап өтті. 

- Halyk республикалық қайырымдылық қоры бастама көтеріп, ауылдық спортты қолдау үшін 500 миллион теңге бөлді. Іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін билікке алғыс айтамын. Павлодарлық спортшылардың болашақта Олимпиада жүлдегерлерінің қатарында болуын тілеймін: тек осы жарыста ғана емес, өмірде де бірінші болыңыз, - дейді Ернар Айтжанов.

Өз кезегінде спорт және Мемлекеттік қызмет ардагері Владимир Левченко спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтті. Ақсақал бүгін 76 жасқа толған және осы күнге дейін ол волейболдан ардагерлер командасында ойнайды. Владимир Левченко ауыл балаларына шын жүректен спортқа адал болуды тіледі, бұл оларға мықты денсаулық пен жақсы көңіл-күй сыйлайтынын айтты.

Мойылды волейбол командасының ойыншысы Виктор Ваккер волейболмен айналысқанына көп болмаса да, бұл спорт түріне ғашық.

- Мен волейболмен бір жыл ғана айналысамын, бірақ маған ол бірден ұнады. Бір жыл ішінде республикалық жарыстардың күміс және алтын медальдарын жеңіп алдық. Биылғы жылы жазғы гимназиядада бірінші орын алдым. Ойыншылардың ішінен павлодарлық Максим Мищенко сияқты болуға тырысамын, - деп мойындады Виктор Ваккер.

Турнирде жас волейболшы да жақсы өнер көрсетуге үміттенеді және оған бар күшін салуға ниетті. 

Волейболдан басқа «AUYL SPORT» жобасында баскетбол, еркін күрес, бокс және шахмат бойынша жарыстар өтеді. Жеңімпаздар республикалық деңгейге жолдама алады.