Павлодарда ауқымды жылу желілерін жөндеу жүріп жатыр

Павлодарда ауқымды жылу желілерін жөндеу жүріп жатыр
Фото: Константин Шелков

Мүткенов көшесінде жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары диаметрі 426 мм, ұзындығы 365 метр болатын жылу құбырын жаңасына ауыстыруда. Бұл жұмыстар қаланың инженерлік инфрақұрылымын жақсарту мен тұрғындарды алдағы жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтуға бағытталған.

– Аталған нысанда жол жабынын ашу, арнаны тазалау және темірбетон науаларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, – деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов.

Мамандардың айтуынша, бұл жөндеу жұмыстары жылу желісінің тозған бөліктерін ауыстыру арқылы жылу жоғалтуды азайтып, жүйедегі жылу тасымалдаушы айналымын жақсартады. Нәтижесінде қала тұрғындарына тұрақты әрі сапалы жылу жеткізу қамтамасыз етілмек.