Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кеткен әйел табылмай жатыр
![Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кеткен әйел табылмай жатыр](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202312/image_750x_65702ea7b95b8.jpg)
Нұргүл Бектұрсынова 11 қараша күні Байкальская көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілерінің айтуынша, бүгінде оның қайда екені беймәлім. Бойы – 165 см, көздері қоңыр, шашы қара. Аяғын сәл ақсап басады.
Қара-қызыл түсті куртка, қоңыр спорттық костюм, қара бәтіңке киіп кеткен.
Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), 8(777)3348201 (Светлана).