Павлодарда баланың өміріне қауіп төндірген жүргізушіге айыппұл салынды
«Тойота» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші баланы арнайы балаларды ұстайтын құрылғысыз тасымалдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция күн сайын @dp_pavlodar парақшасының direct-іне түсетін әртүрлі бұзушылықтары бар бейнелер немесе фотосуреттер, өтініштер бойынша тексеру жүргізеді.
30 мамырда Direct-ке жол қозғалысы ережелерін бұзған кезекті бейне бойынша тексеру жүргізілген. Видеода баланың алдыңғы орындықтағы автомобиль салонындағы төбе тұтқасынан ұстап, екі жаққа тербелетілгені жазылған.
– Бұл ретте автокөлік орнынан қозғалып, жүргізуші баланың өміріне қауіп төндірді. Қала тұрғынына қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді департаментте.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін 3400-ден астам жол қозғалысына қатысушы жауапкершілікке тартылды.