Павлодарда бес күндік«Алтын сақа» спорттық олимпиадасы басталды
Асық атудан финалдық ойындар 5-11 сынып оқушылары арасында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектептерде «Төрт тоқсан-төрт өнер» республикалық ұлттық мәдени - ағарту жобасы аясында 13 қарашадан бастап бес күндік «Алтын сақа» спорттық олимпиадасы басталды.
- Олимпиаданың мақсаты - қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру, қазақ ұлттық ойындарын тануға деген қызығушылықты арттыру, асық ойынына баулу, спортпен шұғылдану, - дейді қалалық білім бөлімі.
Мәселен, 13 - 17 қараша аралығында «Алтын сақа» олимпиадасы аясында қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған семинарлар, ақпараттық стендтер ресімдеу, «Мектепке асық сыйла» акциясын өткізу, қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары туралы презентация өткізіледі. 17 қараша күні барлық мектептерде 5-11 сынып оқушылары арасында асық атудан финалдық ойындар өтеді.
13 қараша күні қала мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған практикалық семинар өтті. Мұғалімдер асық ату және бес асық ойыны бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларымен бөлісті.