Павлодарда бес жүзден астам сарбаз референдумда дауыс берді

Павлодарда бес жүзден астам сарбаз референдумда дауыс берді
Фото: Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

- Ұлттық ұланның Павлодар қаласындағы 5512 және 6679 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілері таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 18-19 жастағы сарбаздар мұндай маңызды шараға, референдумға алғаш рет қатысып отыр, - делінген хабарламада. 

№ 5512 әскери бөліміне Қарағанды қаласынан шақыртылған Бексұлтан Серікбеков Ата заңға енгізілетін оң өзгерістердің ел дамуына қосатын үлесі зор екендігіне сенімді. 

Айта кетелік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Онда мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да дауыс береді.