Павлодарда бес жастағы қыз екінші қабаттан құлап, жарақат алды

Дәрігерлер қажетті ем-дом жүргізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырда сағат 16:25 шамасында 2020 жылы туған қыз бала тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Бала асфальт төселген алаңға арқасымен құлаған.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы хирургиялық корпустың қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігердің тексеру нәтижесі бойынша балаға «кеуде омыртқаларының компрессиялық сынуы, құйымшақтың соғылуы» диагнозы қойылды.
Қыз бала травматология бөлімшесіне жатқызылып, барлық қажетті диагностикалық және емдеу шаралары жүргізілуде.