Павлодарда биомассаны қайта өңдеу мәселесі шешіле ме?

Павлодарда биомассаны қайта өңдеу мәселесі шешіле ме?
Фото: Константин Шелков

Жасыл қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі экобелсенділердің алаңдаушылығын тудыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биомассаны кәдеге жарату тақырыбы қоқысты қайта өңдеу зауыты құрылысына қатысты қоғамдық тыңдауларда көтерілді. 

«Берегиня-БИО» қоғамдық қорының төрайымы Татьяна Пономарёва жоба ағаш қалдықтарын қайта өңдеу мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

– Санитарлық кесу бұтақтар, жапырақтар сияқты жасыл қалдықтар жиналады. Қазіргі уақытта үйінділер қоқыс полигондарына жіберіледі. Ірі көлемді материалды ұсақтай алатын жүйе қарастырылған ба? Бұл – өте құнды ресурс, – деді Татьяна Пономарёва.

Жобалаушылардың айтуынша, бұл кешенде биомассаны қайта өңдеу қарастырылмаған. Оның өзіндік себебі бар. Сұрыптау орталығына тек белгілі бір тұрмыстық қатты қалдықтар түседі, олар сұрыптауға жатады. Биомасса бұл тізімге кірмейді, – деп түсіндірді жобалық ұйым өкілдері.

Олар жасыл қалдықтарды арнайы кәсіпорындарға тапсыруды ұсынды. Алайда, өңірде мұндай кәсіпорындар жоқ екені анықталды.

Айта кетейік, жапырақ, бұтақ, ағаш үгіндісі сияқты жасыл қалдықтарды сенбіліктер мен санитарлық кесуден кейін кәдеге жарату мәселесі облыстық қоғамдық кеңесте де көтерілді. 

Кеңес мүшелері Экологиялық кодекстің 301-бабына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ және құрылыс қалдықтарын көмуге тыйым салынғанын еске салды. Жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды көму көлемін азайту бойынша шаралар ұйымдастыруға міндетті, оған компосттау және биоқалдықтарды өндіріс пен энергетикада пайдалану кіреді.

Жиында «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы жарияланғанына қарамастан, жасыл қалдықтарды қайта өңдеу шаралары неге әлі жүзеге аспай жатыр деген сұрақ қойылды. Қатысушылар жасыл масса – бұл өсімдіктерді құрғаудан және аяздан қорғауға арналған жабын материалы ретінде пайдалануға болатын құнды ресурс екенін атап өтті. Күздің келуі және жапырақтардың түсуімен бұл мәселені шешуге нақты мүмкіндік туындайды.

Белсенділердің айтуынша, бастамалар мен нақты ұсыныстар да бар. Әзірге мәселе тек жоба ретінде қарастырылуда. Оны жүзеге асыру үшін инвестор тарту қажет.