Павлодарда бірқатар үйлерде уақытша су болмайды

Павлодарда бірқатар үйлерде уақытша су болмайды

Ертең облыс орталығында екі жерде су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, 30 мамыр күні Малайсары батыр көшесі, 10 мекен-жайы бойында орналасқан құбырды кеседі. Осыған байланысты Қамзин көшесі, 20/1 және Павлов көшесіндегі 21, 25, 27, 29, 31 үйлер судан ажыра ылады.

- Бұдан бөлек,  Н.Назарбаев даңғылы 163/1 мекенжайында орналасқан құбырда жапқыш ауыстырылады. Сол аралықта Н. Назарбаев даңғылы 172, 174 және Н. Назарбаев даңғылы бойындағы жеке сектор Гагарин көшесінен Радищев көшесіне дейін су болмайды, - делінген хабарламада.

Тіршілік көзі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін болмайды.