Павлодарда демалыс күні екі автокөлік соқтығысты

Павлодарда демалыс күні екі автокөлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға жайлы видеоны оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде таратты. Аталған оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. 

— 7 маусым күні 19:45-те жол-көлік оқиғасы туралы шақырту келіп түсті. Оқиға Естай мен Байзақов көшелерінің қиылысында KIA SELTOS автокөлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, жол бермей CHERY TIGGO көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі адам зардап шекті, - делінген хабарламада. 

Зардап шеккен 1961 жылы туған ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді. Ал 1962 жылы туған әйел адам тексеруден кейін ауруханаға жатудан бас тартқан.