Павлодарда екі көшенің қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Оған кәріз желісіндегі зақымдануды жою жұмыстары себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, жолдағы шектеу екі күнге жоспарланған.
- Жеке тұлғалардың кәріз желісіндегі зақымдануды жөндеу аясында жер қазу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 29 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін Абай көшесінің бойымен Толстой – Достоевский көшелерінің шекарасында автокөліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Жауапты мекеме тұрғындарға маршрутты алдын ала жоспарлауды және келтірілген келеңсіздіктер үшін кешірім сұрайды.